Бабырнам

Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр
Бабырнама: Аударма – Алматы: Дарын баспасы, 2023 – 458 бет + 8 бет жапсырма

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, ақын Заһиреддин Мұхаммед Бабырдың аса құнды шығармасы «Бабырнама» Ауғанстанның Мазар Шәріп қаласында «Ұлықбек» баспасынан Һедайǝтолла Һедайǝт дайындаған түпнұсқалық қолжазба негізінде шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей тарапынан түркі тілінен қазақшаға тәржімаланып ұсынылып отыр. Бұл басылымның айрықша ерекшелігі бағалы туындының тікелей түпнұсқадан қазақ тілінде тұңғыш аударылып жариялануында және түсініктер, адам, жер-су аттарының көрсеткіштерімен оқырманға қолайлы болып берілуі болып есептеледі. Кітап тарихшы, әдебиетші, тіл ғалымдары, географтар, қоғамдық психология мамандары мен жалпы білім сүйер қауымға арналған.