Базарбаева Т.А., Көшім А.Ғ.
Геоэкология: оқулық / Т.А. Базарбаева, А.Ғ. Көшім Алматы: Дарын баспасы, 2023.- 292 б.
«Геоэкология» кітабы «Геоэкология» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде жазылған оқулық геоэкологияның теориялық негіздері мен әдістемелік ұстанымдары келтірілген.
Жер геосфералары адам іс-әрекетінің үнемі өсуін ескере отырып қарастырылған. Адамзаттың тірі қалу стратегиясы мен тұрақты даму индикаторлары берілген. Энергетиканың геоэкологиялық аспектілеріне талдау жасалып, экологиялық таза және қайта жаңартылатын энергия көздеріне ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі таңдағы жаһандық мәселелер, сонымен қатар климаттық техногенез салдарынан табиғи өзгерістердің, антропогендік әсерлер мен қоршаған ортаның бүлінуі және Қазақстан Республикасының табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жайлы мәліметтер берілген.
Оқулық «Экология», «Геоэкология», «Қоршаған ортаны қорғау» «Табиғи- техногендік қауіп-қатерлер» оқу бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттерге, сондай-ақ экологиялық және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелерімен шұғылданатын мамандарға, оқытушылар мен ғалымдарға арналған.
