Жерді қашықтықтан зондылауды геоақпараттық технологиялар әдістерімен талдау

Керімбай Н.Н., Керімбай Б.С.
Жерді қашықтықтан зондылауды геоақпараттық технологиялар әдістерімен талдау: оқу құралы Н.Н.Керімбай, Б.С. Керімбай. – Алматы: Дарын, 2023. – 310 б.

Оқу құралында Жерді қашықтықтан зондылау және геоақпараттық технологиялардың басты міндеті: уақыт пен кеңістіктегі табиғи ортаны, геожүйелерді, экожүйелерді, табиғи аумақтық кешендерді зерттеудің жоғары дәлдігіне мүмкіндік беретін геодеректерді өңдеу мен нәтижелерін тұжырымдаудың жетілдірілген әдістері қарастырылған.

Геоақпараттық технология – классикалық география және картография дәстүрлері мен әдістерін, теориясын, қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін үйлестіретін кешенді әдіс болғандықтан ғылыми зерттеу жұмыстарында қолдану бойынша ұсыныстар берілген.

Бұл оқу құралы жаратылыстану ғылымдары, география, геоинформатика, картография және геодезия мамандарына, бакалавр, магистр және докторанттарға, кәсіби және техникалық білім беретін колледж студенттеріне, жалпы және арнаулы білім беретін мектеп оқушыларына арналған.