Әлемдік экономика

Медуханова Л.Ә.
Әлемдік экономика: оқу құралы / Л.Ә. Медуханова. -Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 186 б.

Ұсынылып отырған оқу құралы әлемдік экономиканың ерекшеліктері, құрылымы, қалыптасу тарихы мен қазіргі даму тенденциялары туралы білімге негізделген. Шаруашылық үдерістердің жаһандануы жағдайында елдердің басым бөлігінің экономикалары әлемдік шаруашылық үдерістерге тартыла отырып, осы үдерістерде орын алып жатқан өзгерістерге байланысты әлемдік экономиканың құрылымын, ресурстық потенциалын, оның негізгі субъектілерінің, әртүрлі елдер топтарының орны мен рөлін білу айрықша өзектілікке ие болады.

Бұл білімдер «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша студенттер үшін негіз қалаушы білімдер болып табылады. «Әлемдік экономика» пәні экономика саласындағы басқа мамандықтарға да таңдау пәні ретінде оқытылады.

Оқу құралы экономикалық, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандықтарында оқитын студенттер пен магистранттарға және экономикалық мәселелермен айналысатын барлық ізденісті оқырмандарға арналған.