Қалқаманұлы М.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы / М. Қалқаманұлы. – Алматы: ADAL KITAP, 2024. – 136 б.
Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқу құралы Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына кіреді. Оқу құралында сыбайлас жемқорлықтың тарихи аспектілерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың теориялық-құқықтық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Еуропалық және Азия өңірінің құқық қолдану практикасының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестің әкімшілік құқықтық және қылмыстық- құқықтық шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері дәйекті түрде қаралады. Оқу құралы курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, сондай-ақ оқытушылардың сабаққа дайындалуына немесе оқу процесінде пайдалануына арналған.
