Сахнадағы сымбаттылық

Құлбаев А.Б.
Сахнадағы сымбаттылық: монография / А.Б. Құлбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 374 б.

Қазақ сахна өнеріндегі толағай табысты қойылымдардағы сахнагерлеріміздің ұлттық нақыштан нәр алған мағынасы кең актер пластикасының өзегі, қимыл-қозғалыс, ым-ишара, ишараттар тізбегіндегі сәтті тұстары әртүрлі басылымдардан жинақталған.

Ұсынылып отырған еңбек Қазақ сахна мектебінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан теоретик, жазушы, сыншылардың – Қ. Қуандықов, Б. Құндақбаев, Ә. Сығай, М. Байсеркенов, Қ. Уәлиев, А.Тоқпанов, И.И. Судаков, Е.Н. Обаев, В.И. Немерович – Данченко, Н. Львов, М.О. Кнебель, Б. Нүрпейс, Г. Пралиева, А.А. Гончаров, А. Жаманқұлов, Л. Богантенкова еңбектерімен қатар, әр кездегі күнделікті басылымдарда жарық көрген сахналық, әдеби-сын мақалалар мен тұшымды үлкен еңбектер таңдалып, талданып жазылған.

Аталмыш еңбекте қалың жұртшылықтың рухани жан азығының тамыр- тынысы болған Қазақ сахна өнері сахнагерлерінің табысты тылсым күшіне айналған сахналық әрекеттегі сұлу да сымбатты, мәнерлі де әдеби қимыл- қозғалыс пішіміндегі әсемділіктің әсерлі қуаты суреттеліп сарапталған.

Бес бөлімнен тұратын бұл еңбек өнерсүйер қауыммен қатар өнер қайраткерлері, ұстаздар мен студенттерге арналады.