Қазақтың ою-өрнектері

Байділдаұлы Шөптібай
Қазақтың ою-өрнектері. Альбом (1-кітап). Алматы: “Өнер”, 2006. 160 бет.

Альбомға халық шеберінің ұзақ жылдардан бері ізденіп, тер төгіп жүріп ұлт өнерінің терең дәстүрлері негізінде өз қолымен жасаған ою-өрнектерінің озық үлгілері енгізілді.

Ою-өрнектер тақырыбына және қолданыс аясына орай үш бөлімге топтастырылып отыр. Олар: “Киім түрлеріне лайықты ою-өрнектер”, “Тұрмыстық заттарға лайықты ою-өрнектер” және “Күрделі ою-өрнектер”деп аталады.

Альбом ғалым-зерттеушілерге, жоғары оқу орындарына, ізденімпаз жастар мен студенттерге, ою-өрнектерді қадір тұтушы жалпы көпшілік қауымға арналады.