Қолөнер өшпес мұра

Тулегенова К. Р., Есиркепова М. Н., Дуйсенова М.С.
Қолөнер өшпес мұра: көмекші оқу құралы / К. Р. Тулегенова, М. Н. Есиркепова, М.С. Дуйсенова. – Алматы: Эверо, 2018. -184 б.

Көмекші оқу құралы жастарға қолөнеріміздің қыр-сырын үйретіп қана коймай, оны жаңа көркем бағытта жаңашылдықпен дамытуға бағытталған. Басылымда ұлттық қолөнер түрлерімен; кілем тоқу, шым ши тоқу, кесте тігу, гобелен тоқу, жүнді өңдеп, жүннен түрлі бұйымдар, паннолар, бисер өнерін жасаудың әдіс -тәсілдері туралы мәліметтер жинақталып ұсынылды.

Оқырмандар бұл басылымнан қолөнерге қажетті материалдар, құрал- жабдықтар, жасалу әдіс – тәсілдері, түрлерімен танысып, пайдалы кеңестер ала алады. Кітаптың екінші бөлімінде ұлттық нақышта жасалынған қолөнер түрлерінің туындыларымен таныстырылады. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына, кәсіптік білім беру оқу орындарына қосымша оқу құралы ретінде, халқымыздың ұлттық қолөнеріне қызығушылық танытатын қауымға ұсынылады.