Қазақ балуандары

Қадырбек Рысбекұлы
Қазақ балуандары: Тарихи-деректі басылым. – Алматы: Ер-Дәулет. 1996. 368 бет

«Қазақ балуандары» – халқымыздың бір ғасырлық балуандық тарихы. Бұл еңбек қазақтың спорттық тарихының ең бір сүбелі бөлігі. Жинақтың құнды жағы атадан мұра балуандық дәстүрдің бүкіл ел көлемінде жаппай өріс алып, балуандарымыздың ресми бәсекелерге алғаш түсуі, Олимпиада ойындары мен әлем, құрылық чемпиондары атанған мерейлі сәттері, яғни, осы саладағы ең айтулы жеңістеріміздің тарих шежіресіне тіркелуі дер едік.

Кітапқа арқау болған материалдар мен деректер болашақ, тарихшылар үшін өте құнды. Деректі әңгімелер мен очерктердің жазылу стилі әртүрлі, тілі жатық.

«Қазақ балуандары» келешек ұрпақты батырлық пен балуандыққа бастайтын соқталы дүние.