Құрастырушысы/автор:
Тайжанов С. – ағарту ісінің үздігі, Кр-сы білім беру ісінің құрметті қызметкері
Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 2010. 124 бет.
Ойын – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің тарихи қалыптасқан құралы. Арнайы ұйымдастырылған түрлі ойындар балалар мен жасөспірімдер еңбекке баулуға жәрдемдеседі, оларда жылдамдық пен күш, төзімділік пен икемділік дайындықтарын жетілдіреді. 5-7 сыныптар дене тәрбиесі оқулықтарындағы қимыл-қозғалыс ойындарының ішіне қазақтың біршама ұлттық ойындары енгізілгенмен де, оқыту мен тәрбиелеудің дене тәрбиесі саласындағы міндеттерін ойдағыдай шешуге көмектесу мақсатында осы кітапта қазақтың ұлттық ойындары неғұрлым мол беріліп отыр.
Кітап дене тәрбиесі мұғалімдеріне, осы саланың мамандарына, ата-аналар мен оқушыларға арналған.
