Билер сөзі

Билер сөзі /Құрастырған Т. Кәкішев.- Алматы, «Қазақ университеті», 1992. 160-бет.

Баспа “Інжу-маржан” атты арнайы серия ашып, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, кейбір ақын-жазушылардың туындыларын жеке-жеке жинақ етіп шығармақ. Соның алғашқы қарлығашы “Билер сөзі”. Бұған Майқы бидің, Төле бидің, Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің, Сырым батырдың, Досбол шешеннің т. б. ел арасында сақталып қалған асыл сөздері сараланып енгізілді. Жалпы билер сөзі шешендік арнауға (әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту), шешендік толғауға (өсиет, насихат), шешендік дауға (жесір дауы, жер дауы, ар дауы) арналған. Кітап көпшілік қауымға ұсынылып отыр.