Камалова Н.
Қазақтың мәнін жоймас құндылығы. / Монография. 2-басылым. -Алматы: ССК, 2017. – 172 б.
Монографияда қазақ дәстүрлі мәдениетінің, соның ішінде мерекелері мен салт-дәстүрлерінің, тарихи-мәдени дамуы, олардың түрлері мен мазмұны дүниетаным қалыптасу негіздеріне сүйене отырып жазылған.
Монографияда қазақ халқының қарым-қатынастық мәдениеті, отбасылық мерекелер, шаруашылыққа байланысты дамыған салт-дәстүрлер мен табиғат құбылыстарының өзгерістеріне байланысты күнтізбелік мерекелердің рәсімдік әрекеттері, арнайы бұйымдары мен киілген киімдері, рәсімдік тағамдарының символдық мәніне сипаттама берілген. Мерекелер мен салт-дәстүрлердің бүгінгі өмірге лайықталып, қолданылу тәжірибесінен өткендері енгізілді.
Ұлтттық мәдениетті, дәріптеушілерге, мәдениеттанушыларға, қазақ дәстүрлі мәдениетінің сабақтастық табуына ықпал етуші мәдениет қызметкерлеріне, студенттер және жалпы оқырмандарға арналады.
