Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы

Асанова С., Птицина А.
Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы: Оқулық. 2-басылым. – Астана: Фолиант, 2011.- 160 бет.

Оқулықта қазақтың ұлттық костюмі мен қолданбалы өнерінің толық тарихы берілген. Бейнелеу өнерінің стильдер динамикасы жан-жақты ашылып, олардан басқа да киімдердің кию тәртібі сипатталған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтер мен мотивтер бойынша жіктелімі беріліп, шаманизм, соляризм, тотемизм мен онимизмнің ықпалы ою-өрнек композициясында айрықша көрініс тапқан.

Оқулықта қазақтың дәстүрлі кәсіп түрлерінің технологиясы, құрылымы, көркемдік безендірілуі, дәстүрлі киіз үйдің ішкі түр-сипаты, генезис трансформациясы нақты ашылған.