Әл-Фараби және Әл-Машани рухани сабақтастық

Дукенбаева З.О., Талғатбек М.М.
Әл-Фараби және Әл-Машани рухани сабақтастық: Ғылыми басылым /Авт: З.О. Дүкенбаева, М.М. Талғатбек /3.О. Дүкенбаеваның ред.- Алматы: CyberSmith, 2017. – 400 бет.

Ұсынылып отырған ғылыми басылымда қазақ халқының біртуар ғұлама ғалымы, фарабитанудың Көшбасшысы Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмір жолы, қызметі және ғылыми шығармашылық мұрасы тарихи тұрғыдан талданып, деректер негізінде жазылған. Мақсатымыз – Ақжан Жаксыбекұлы әл-Машанидің ғылыми шығармашылық мұраларын мүмкіндігінше жүйелі, объективті турғыдан саралау.

Ғылыми басылым жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және тұлғатанушы зерттеушілерге, оқытушыларға арналған.