Дәуренбек Н.М.
Мұнай өңдеу катализаторларын әзірлеу және қолдану технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: ADAL KITAP, 2022 – 381 б., 69 сур., 15 кесте.
Оқу құралы «Мұнай және газды өңдеу технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға, сондай-ақ химия, мұнай-химия, мұнай-газ саласының білім алушыларына, инженерлік-техникалық және ғылыми қызметкерлерге, кәсіби және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.
Кітапта катализаторларды дайындаудың физика-химиялық негіздері, катализаторларды алу және өндіру әдістері, катализаторлар тасымалдағыштары өндірісі, катализаторлардың белсенсізденуі және оларды регенерациялау тәсілдері, мұнай өңдеу процестерінің катализаторлары, катализаторларды зерттеу әдістері жан-жақты қарастырылған.
