Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы пәні бойынша тапсырмалар жинағы

Қалқаманұлы М.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы пәні бойынша тапсырмалар жинағы. Ерекше бөлік. / М. Қалқаманұлы. — Алматы: «ADAL KITAP» баспасы, 2024. 114 б.

Қылмыстық құқық бойынша тапсырмалар жинағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлік)» курсының оқу бағдарламасына сәйкес құрылған. Әрбір тапсырма нақты өмірлік жағдайды және мәселені сипаттайды. Практикумға енгізілген тапсырмаларды шешу құқық қорғау және сот органдары жұмысының нақты жағдайларын сезінуге, практикалық кәсіби қызметке дайындалуға мүмкіндік береді.

Тапсырмалар жинағы курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, сондай-ақ оқытушылардың сабаққа дайындалуына немесе оқу процесінде пайдалануына арналған.