Сексенбай М.Ж,
Қалалық газбен жабдықтау жүйелерін жобалау және пайдалану / Оқу құралы. Сексенбай М.Ж., С.С.Исмайлов, – Алматы: «ADAL KITAP» баспасы, 2024. – 340 бет
Оқу құралында қалалар мен басқа да елді мекендерді, сонымен қатар өндірістік мекемелерді табиғи газбен жабдықтау жүйелерінің түрлі нұсқалары берілген.
Газ тарату жүйелері мен ішкі газ желілерін жобалауда қолданылатын тиімді жобалау әдістері және олардың гидравликалық есептеулері келтірілген.
Табиғи газбен жабдықтаудың заманауи есептеу формулалары, номограммалары мен полиэтиленді газ құбырларын есептеудегі жаңа әдістемелер көрсетілген. Сонымен қатар, қалалық газ тарату жүйелерін пайдалану ерекшеліктері мен оны тиімділеу жолдары нақтыланған.
Тәжірибеде жиі кездесетін тығырықты, сақиналы және ішкі газбен жабдықтау жүйелерін есептеудегі дәрістік материалдар мен осы бағыттағы көптеген ғылыми-ізденіс жұмыстардың қорытындыларын қолдану жолдары нақты мысалдармен көрсетілген. Жүйедегі негізгі қондырғылар, солардың ішінде газреттегіш бекеттері мен басқа да қондырғылардың тиімді жұмыс режимдерін анықтау, пайдалану кезіндегі олардың сенімділіктерін арттыру жолдары берілген.
Қаралған әдебиеттер тізімінде газбен жабдықтауға арналған негізгі нормативтік құжаттар: МЕСТ, ҚНжЕ, Қауіпсіздік шаралары жайлы ақпарат берілген.
Оқу құралы «Мұнай және газды тасымалдау», «Мұнай-газ инженериясы», «Құрылыс» және «Инженерлік жүйелер мен желілер» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына арналған.
