Білім берудегі цифрлық технологиялар

Білім берудегі цифрлық технологиялар: оқу-әдістемелік құрал / Г.П. Мажибаева, Н.Х. Маметжанова, Л.Ә. Рсалина – Алматы: Дарын, 2022. – 161 б.

«Білім берудегі цифрлық технологиялар» атты оқу-әдістемелік құралы білім беру бағдарламасына сәйкес құрылған. Оқу үдерісін ұйымдастыруда әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыратын практикалық курс.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлеріне, ЖОО білім алушыларына арналады. Білім беру үдерісінде оқу жүйесін оңтайландыруға, тиімді етуге көмектесетін өзіндік электронды оқу материалдар мен тапсырмаларды құруға көмектеседі.