Көшім Ә.Ғ.
Географиялық картографиялау: табиғат карталары: оқу құралы / Ә.Ғ. Көшім. – Алматы: Қазақ университеті, 2023. – 108 б.
Оқу құралында табиғатты картографиялаудың даму кезеңдері, оның ғылым және тәжірибедегі маңызы, пәні қарастырылған. Сонымен қатар, табиғатты картографиялаудағы негізгі бағыттар: геологиялық, жеке тектоникалық және неотектоникалық, геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топырақ, өсімдіктер жамылғысы және ландшафтық карталар құрастыру әдістері, принциптері қамтылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының картография, геодезия және география мамандықтарына арналған.
