Нұрпейісов Н.Ж.
Әдеби сын тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Оқу-әдістемелік құралы.- Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 135 б.
«Әдеби сын тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» деп аталатын оқу- әдістемелік құралы 6В01701 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау, 6302302- филология мамандықтарының күндізгі және қашықтықтан білім беру бөлімінің студенттеріне арналған.
Оқу-әдістемелік құралы ретінде дайындалған кітапта қазақ әдебиетінің сын тарихы пәні бойынша қажетті дерек көздері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қазақ әдеби сынының жай-күйі, оның өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар көп уақыттан бері қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны жайында, әдебиеттану ғылымына еңбегі сіңген тұлғалар жайында жазылған еңбектер де топтастырылып берілді.
Бұл оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттері мен ізденушілеріне, магистранттар мен докторанттарға, жалпы төл әдебиетіміздің тарихы мен сынын біле түскісі келетін әдебиет сүйер қалың оқырман қауымға арналған.
