Педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру

С.Т.Иманбаева
Педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. Монография. -Алматы. «Отан» баспасы, 2025. – 150 бет.

Монографияда педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері және әдістемесі баяндалған. Автор жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысының және көп жылғы педагогикалық тәжірибесінің негізінде педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың шарттарын, педагогикалық үрдісте педагогикалық технологияларды қолданудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құрастырып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері көрсеткен.

Кітап педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың теориясын және әдістемесін педагогикалық оқу орындарының оқытушыларына, магистранттарына, студенттерге және бастауыш мектептің мұғалімдеріне көмекші құрал бола алады.