Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі

С.Н.Жиенбаева.
Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі: 5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған/ оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2025.- 186 б.

Оқу құралында студенттердің ғылыми зерттеу әрекеттеріне басшылыққа алатын теориялық және әдістемелік мәселелер қарастырылады. Оқу құралы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде студенттерге ғылым, ғылымтану, таным, педагогика әдіснамасы және диагностика туралы теориялық білім беріледі. Сонымен қатар студенттердің өздігімен орындайтын шығармашылық тапсырмалары көрсетілген. Екінші бөлімінде ғылыми зерттеу әдістері, оның түрлері, жіктелуі, қолдану ұстанымдары және әдістемесі баяндалады. Үшінші бөлімде студенттердің ғылыми жұмыс түрлері, оны орындаудың әдістемесі сипатталады. Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған.