Егенисова А.Қ.
Психологияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025.-366 б.
«Психологияны оқыту әдістемесі» 5B010300 – «Педагогика және психология» мамандығының кәсіптендіру циклындағы міндетті пән ретінде оқылады. Ұсынылып отырған оқу құралы материалдарының мазмұны, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы дайындап, ұсынған үлгілік оқу бағдарламасы бойынша дайындалып жазылған.
Бұл оқу құралында, психология пәні бойынша сабақтың сипаттамалары, дәрісті дайындау, дәріс түрлері, семинар, практикалық, зертханалық сабақтарды өткізу әдістемелері, психологияны оқытуда техникалық құралдарды қолдану және білімді тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, білімді тексерудің түрлері мен формалары туралы сөз болады.
Сонымен қатар, психологияны оқытудың максат, міндеттері, оқу тапсырмаларының таксономиясы, психологияны оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері: бағдарламаланған, мәселелік, интербелсенді әдістердің түрлері т.б. оқу үрдісінде пайдаланудың тәсілдері мен жолдарын ашып көрсетілген.
Ұсынылып отырған оқу құралын педагогика және психология мамандығында оқитын магистранттар мен студенттерге, психология пәнінің оқытушыларына, мектеп психологтарына, білім беру саласының қызметкерлеріне өз жұмыстарында пайдалануға болады.
