Физикалық білім берудегі интерактивті компьютерлік модельдер

Куанбаева Б.У.
Физикалық білім берудегі интерактивті компьютерлік модельдер: Монография. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025 -130 б.

Монографияда жалпы білім беретін мектептің физика пәнін оқытуда интерактивті компьютерлік модельдерді қолдану мәселесі қарастырылған.

Автор физика пәнін оқытуда оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруды, физикалық заңдылықтарды терең меңгеруді, физика пәніне қызығушылығын арттыруды, құбылыстарды көрнекілеуді және өлшеу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруды, демонстрациялық эксперименттерді, зертханалық жұмыстарды, физикалық есептер шығаруды интерактивті компьютерлік модельдер көмегімен қол жеткізуге болатын мүмкіндік бағытына назар аударған. Монография негізінде электрондық оқулық жасақталған.

Монография ғылыми-педагогикалық ізденістегі қызметкерлерге, оқытушыларға, білім саласындағы әдіскерлерге, магистранттарға, студенттерге және мектеп мұғалімдеріне арналған.