С# тілінің негіздері

Л.А. Смагулова
С# тілінің негіздері: Оқу құралы./ Л.А. Смагулова – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 266 бет.

Бұл оқу құралының міндеті заманауи программалау тілдерінің бірі – С# тілінің негіздерін қысқаша түрде түсінікті баяндау болып табылады.

Оқу құралында C# тілінің ерекшеліктері, тілдің конструкциясы, программа жазу барысында қолданылатын негізгі мәліметтер құрылымы, кітапхана кластары, программалау технологиясы бойынша ұсыныстар, сонымен катар Microsoft Visual Studio. NET құралдарын қолдана отырып С# бағдарламалау тілінде қосымшалар құруға арналған визуалды жобалау тәсілдері қарастырылады.

Негізгі тақырыптар бойынша мысалдар қарастырылып, практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар келтірілген. Әр тараудан кейін бақылау сұрақтары мен тапсырмалар берілген.

Оқу құралы жаратылыстану, техникалық және педагогикалық профильдегі жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттарына, сол сияқты тілді өз бетінше меңгерем деушілерге арналады.