«Инклюзивтік білім беру» / Табинбаева Г.М. – Алматы: «Отан» баспасы, 2025. – 82 б.
Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш мектеп педагогінің кәсіби қызметінің мазмұны әдеттегі сыныпта сабақ беретін педагогтің үйреншікті қызметінен ерекше. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар оқитын сыныпта педагог білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-педагогикалық, оңалту, консультациялық-диагностикалық, психологиялық қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да аралас мамандармен үнемі өзара байланыс жасауды білуі керек. Білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқушылардың осы санатына арнаулы білім алу жағдайлары құрылғанда қол жетілетін болады. ҚР «Білім туралы» заңына (2007) сәйкес арнайы білім беру жағдайларына арнайы білім беретін оқыту бағдарламалары, арнайы оқыту әдістері, техникалық құралдар, өмір сүру ортасы жатады. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту үшін оқыту үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыру кажет.
