Қазақстандағы педагогикалық білім берудің зерттеу әлеуетін дамыту: проблемалары мен болашағы. – Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 2025. – 296 б.
Бұл монографияда Қазақстанда педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінде зерттеуге бағдарланған оқытуды енгізу мен дамыту мәселелері қарастырылады. Зерттеу болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісінде зерттеу құзыреттерінің рөлін түсіндіруге, ғылыми зерттеу әдіснамасы бойынша курстарды ұйымдастыруға және педагогикалық бағдарламаларға зерттеу компонентін кіріктіруге, сондай-ақ осы бағытты жүзеге асырудағы кедергілер мен қиындықтарды зерделеуге бағытталған. Монография мұғалімдерді даярлауды қайта ой елегінен өткізуге арналған және білім беру саласындағы зерттеушілерге, оқытушыларға, сарапшыларға, сондай-ақ педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуға мүдделі баршаға пайдалы болмақ. Кітап «Қазақстандағы педагогикалық білім берудің зерттеу әлеуетін дамыту» атты ғылыми жобаның нәтижесі болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында іске асырылды (грант No АР19576588).
