Егенисова А.Қ.
Практикалық психология: оқу құралы / А.Қ. Егенисова. – Алматы: TechSmith, 2025. – 272 б.
«Практикалық психология» 6В01101 «Педагогика және психология» мамандығының таңдау пәні ретінде оқылады. ЖОО «Педагогика және психология» мамандығында оқитын студенттерге «Практикалық психология» саласынан қазақ тілінде оқу құралдары мен оқулықтардың әлі де болса қажеттілігі сезіледі. Сол себепті, бұл оқу құралы Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОӘБ -нің грифімен жарық көру үшін баспаға ұсынған.
Сондықтан, аталған курс оқу процесінде алған білім, білік, іскерлік, дағдылар педагог-психологтың өз міндеттерін атқаруына септігін тигізеді. Практикалық психология пәнінің мақсат, міндеттері, әлеуметтік- психологиялық тренингтер, психологиялық кеңес беру және ағарту жұмыстары, психологиялық сауықтыру, тузету (коррекция) және дамыту жұмыстары, практикалық психологияның негізгі әдістері, психологиялық диагностика принциптері, практикалық психолог қызметінің аумақтары және кәсіби-әдептік қағидалары туралы баяндалады.
Психотерапия салалары: топтық психотерапия, трансактілі талдау, арттерапия, гештальт-терапия, оның бағыттары, нейролингвистикалық бағдарлама (НЛБ), феноменологиялық терапия т.б. сипаттама беріп, талдаулар жасалған.
Ұсынылып отырған оқу құралын педагогика және психология мамандығында оқитын магистранттар мен студенттерге, психология пәнінің оқытушыларына, мектеп психологтарына, білім беру саласының кызметкерлеріне өз жұмыстарында пайдалануға болады. Оқу құралында тест сұрақтары, өз бетіндік жұмыс тапсырмалары, глоссарий берілген.
