Жоғары білім беру жүйесіндегі интербелсенді оқыту

Абдыкеримова Э.А., Кощанова Г.Р.
Жоғары білім беру жүйесіндегі интербелсенді оқыту. Монография. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 244 б.

Монографияда жоғары білім беру жүйесіндегі интербелсенді оқытуды зерттеу нәтижелері, оны кәсіби білім берудің педагогикалық үдерісінің тәжірибесіне енгізу ұсынылған. Интербелсенді оқыту тұжырымдамасы, интербелсенді оқытудың формалары мен әдістерінің мәні, жіктелуі ашылады, интербелсенді типтегі білім беру үдерісін модельдеу, авторлық технологиялар мен интербелсенді оқыту формалары ұсынылады. Монография жоғары оқу орындарының оқытушыларына, педагогикалық жоғары оқу орындарының магистранттарына және студенттеріне, оқытудың инновациялық технологияларына қызығушылық танытатын білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған.