Құрастырушылар:
Алиева Г.С., Бапашева Р.Т.
Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру: оқу-әдістемелік нұсқаулық / Г.С. Алиева, Р.Т. Бапашева. – Алматы: TechSmith, 2025. -88 б.
Ұсынылып отырған «Оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыру» оқу-әдістемелік нұсқаулығы жоғары оқу орындарының педагогтар даярлайтын мамандықтар үшін өте қажетті. Оқу-әдістемелік нұсқаулық білім берудің жаңа парадигмасына сай педагогикалық білім берудегі негізгі бағыттардың бірі болашақ педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған. Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында педагогтардың жаңаша ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игеру үлкен роль атқарады.
Оқулықтың құрылымы, тақырыптары, теориялық мәселелері, ондағы негізгі ой пікірлер жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерге және мектеп мұғалімдеріне арналған.
