Утегенова Б.М., Хамзина К.Б., Ермаганбетова А.Ж.
Мұғалімдердің рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру. Мектеп, колледж мұғалімдеріне және ЖОО оқытушыларына арналған оқу құралы / Б.М. Утегенова, К.Б. Хамзина, А.Ж. Ермаганбетова. – Алматы: TechSmith, 2025. – 88 б.
Оқу құралында педагогикалық рефлексияны дамыту негізінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдірудің негізгі тәсілдерін көрсетеді, сонымен қатар, оқушылардың рефлексиялық мәдениетін дамыту және өзін-өзі дамыту үшін мұғалімдерге арналған практикалық ұсыныстар берілген.
Оқу құралы материалдары мұғалімнің өзі және өзінің қызметіне қатысты зерттеушілік көзқарасты қабылдау қабілеті ретінде кәсіби рефлексиясының мәселесі, рефлексияның мазмұны, оның механизмі, мұғалімнің қызметі мен ойындағы рөлі және орны қарастырылады. Басты назар мұғалімнің рефлексивтік қабілетін дамыту мәселесіне аударылған: педагогикалық рефлексияны дамытудың түрлі әдіс-тәсілдеріне шолу жасалған, рефлексия бойынша тренинг өткізу материалдары ұсынылған.
Осы еңбекте ойлаудың рефлексивті қасиеттерін дамытуына бағытталған жаттығулар, өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар үлгілері берілген. Бұл құрал мұғалімдерге және өзін- өзі рефлексивті талдау қабілетін дамыту мәселер қызықтыратын қауымға арналған.
