Денсаулық психологиясы

Егенисова А.Қ.
Денсаулық психологиясы: оқу құралы / А.Қ. Егенисова. – Алматы:
TechSmith, 2025. – 276 б.

«Денсаулық психологиясы» 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін базалық пәндер циклының таңдау компонентіне жатады.

Бұл оқу құралында, білім алушыларды денсаулық психологиясының өзекті мәселелерімен, шетелдік және отандық ғылымдағы психологиялық денсаулықты зерттеу мәселелерінің талдануымен таныстырылып, денсаулық психологиясының мән-мағынасы ашылып, қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың түсініктеріне және балалардың психологиялық денсаулығының өзіндік ерекшеліктеріне, тұлғаның психологиялық денсаулығы дамуының моделі мен құрылымдық компоненттері сипаттама беріледі.

Сонымен қатар, студент-жастардың психологиялық денсаулығын диогностикалау, тұлғаның психологиялық денсаулығы мен бұзылыстарын психокоррекциялау және алдын алу терапиясы, кәсіби денсаулық психологиясы және өзін-өзі психикалық реттеу, кәсіби жану және кәсіби іс-әрекеттегі стресс, тұлғаның позитивті кризистік теориясы және күйзеліс проблемасы және геронтопсихология және кемел жас психологиясы, психикалық қартаюдың белгілері және қартаюдың алдын алу, сексуалды денсаулық негіздері талданып, баяндалады.

Ұсынылып отырған оқу құралын магистранттар мен студенттерге, докторанттарға, психология пәнінің оқытушыларына, мектеп психологтарына, білім беру саласының қызметкерлеріне өз жұмыстарында пайдалануға болады.