Қойылымды безендірудің заманауи технологиясы

Жумакулов К.Д.
Қойылымды безендірудің заманауи технологиясы: Оқулық / К.Д. Жумакулов, Д.М. Байгунова, Ш.Ж. Турдалиева, Б.Т. Альжанова, – Алматы, «Alash Book», 2024. – 173 б.

6B11121-«Продюсер және театр қойылымдарының технологиясы» білім беру бағдарламасы студенттерінің «Қойылымды безендірудің заманауи технологиясы» пәнінен Театр сахнасының құрылымы мен оның техникасы және технологиясын қолдана отырып қойылымдарды безендірудің даму сатысының тарихы мен бүгінгі таңдағы келбеті туралы терең білім алуына қажетті оқулық болып табылады.

Оқулықта драма, эстрада шоу, қуыршақ, музыкалы театр режиссерларын кәсіби дайындау барысында сахна құрылымы мен техникасынан, қойылымдарды безендірудің технологиясынан теориялық білім алып, білім деңгейін көтеріп сол техника мен безендіру технологиясын қойылым барысында сауатты қолдануды, көркем шығармашылық қойылыммен шұғылданатын ұжымға жетекші болып қазіргі заман сахнасында әртүрлі күрделі қойылымдарды қоюда безендірудің заманауи технологиясымен сахна техникасын сауатты қолдануды игеруге септігін тигізеді.

Оқулықта театр сахнасының архитектуралық және техникалық құрылымы мен қойылымды безендірудің технологиясының дамуының тарихынан мол мәліметтер қамтылған. Теориялық мәліметтермен қатар түрлі сызбалар мен иллюстрациялар, театр техникасы қойылым безендіруі туралы фотодеректермен толықтырылған.