Көркем-бұқаралық жұмыс

Жумабай Л.Ж., Байгунова Д.М.
«Көркем-бұқаралық жұмыс»: Оқу құралы / Л.Ж. Жумабай, Д.М. Байгунова – Алматы, «Alash Book», 2024 – 177 бет.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының 6B11121 «Продюсер және театр қойылымдарының технологиясы», 6B11124 «Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу» білім беру бағдарламалары білім алушыларына арналған. «Көркем-бұқаралық жұмыс» пәні базалық компонентке жатады. Оқу құралында мәдени-тынығу мекемелеріндегі бұқаралық жұмыстың театрландырылған формаларының драматургиясы, мәдени-тынығу жұмысы бұқаралық формаларының режиссурасы, мерекенің қоғамдық құбылыс ретінде ролі, сценарий жазу кезеңдері жан-жақты қарастырылған. Қосымшада берілген материалдарды пәнді меңгеру барысында, кәсіби дағдыларды қалыптастыруда кеңінен қолдануға болады.