Султанова Н.К.
Музыкалық білім берудің жаңартылған мазмұнын жоспарлау және модельдеу: оқу құралы / Алматы: “Отан” баспасы, 2025 – 136 бет.
Жалпы бұл пән Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Өнер және спорт факультетінің «Музыка және өнер» кафедрасының Музыка мамандығы бойынша 2019-2020 оқу жылынан бастап таңдау пәні ретінде 2-3 курс студенттеріне жүргізіліп келеді. Сондықтан да осы пәнге көмекші құрал ретінде арнайы оқу құралын жасап, онда қазіргі жаңартылған бағдарлама аясында жаңа педагогикалық технологиялық әдістерін қолданып жүрген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оны музыка пәнінде белгілі тақырыптарға қолдану, жаңа педагогикалық технологияны оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді, оқып-үйретеді.
Аталған оқу құралы музыка мектептер мен колледждердің және сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, жаңашылдыққа жол ізденуші барлық оқырмандарға, жалпы музыка сүйер қалың қауымға арналған.
