Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі / Оқу құралы. Алматы, «KEMEL KIТАР» баспасы, 2024. -355 бет

Оқу құралы бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы білім алушыларына арналған. Онда бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері, берілетін білім мазмұны мен көлемі, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, лексикологиясы, сөзжасамы мен грамматикасын (морфология және синтаксис материалдары) оқыту туралы ғылыми әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылған. Еңбекте әдістеме ғылымындағы соңғы жаналықтар қамтылған. Бұған қоса студенттердің өздіктерінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін әдістемелік тапсырмалар және білімдерін мониторингілеуге арналған бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген.