Копобаева А.Н.
Қазақстан геологиясы және минералдық ресурстары: Оқу құралы / А.Н. Копобаева, Я.К. Аршамов, В.С. Портнов. Алматы: TechSmith, 2025. -120 бет.
Оқырмандарға ұсынылып отырған оқу құралы «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» және «Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің геофизикалық әдістері» білім беру бағдарламаларының (бакалавриат және магистратура) студенттеріне арналған. Бұл оқу құралында Қазақстан аумағына тиісті жер қыртысының геологиялық құрылысының ерекшеліктері және оның геологиялық даму тарихы жайлы мәліметтер келтірілген. Қазақстан Республикасына тиісті жер қыртысының жербедер ерекшеліктері, құрылымдық элементтерді аудандастыру принциптері мен олардың бір-біріне бағыныштылық дәрежесі көрсетіледі. Жер қыртысына тиесілі әртүрлі құрылымдық элементтерді қалыптастырудағы геотектоникалық процестердің шешуші ролі баяндалған. Оқу құралының соңғы бөлімдерінде еліміздің басты минералдық ресурстарына сипаттама беріліп, олардың негізгі кенорындары жайлы мәліметтер келтіріледі.
