Нурмухамедова Ш.С., Нахипбекова С.А.
Туризмдегі персоналды басқару психологиясы. Оқу құралы. – Алматы: TechSmith, 2025. -292 б.
Оқу құралында туризмде персоналды басқару психологиясын дамытудың теориялық-әдістемелік негізіне анықтама берілген. Туризмде персоналды басқарудағы заманауи көзқарастар, қызметкерлердің қазіргі заман ұйымындағы рөлі мен олардың дарындарын басқару жолдары, адам ресурстарын стратегиялық басқарудағы заманауи үдерістер қарастырылған.
Адам ресурстарын стратегиялық дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесі зерттелген. Әр тараудан кейін бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары берілген. Оқу құралы академиялық бағытта білім алып жатқан студенттерге, соның ішінде туризм, жалпы бизнес және басқару мамандығында оқитын білімгерлерге арналған. Оқу құралы кең ауқымды оқырмандар шеңберіне, туризм және экономикалық мамандық оқытушыларына, докторанттары мен магистранттарға және студенттерге қызықты.
