Кәсіпорын қызметін жоспарлау

Айдарова А.Б.
Кәсіпорын қызметін жоспарлау: Оқулық / А.Б. Айдарова. – Алматы: ТechSmith, 2025. -336 б.

Оқулықта кәсіпорындағы жоспарлау жүйесі: жоспарларды жасау әдістері мен қағидалары, жоспарлардың есептелінуі мен кезектілігін өзара байланыстыра отырып, оларды кешенді негіздеу қарастырылған.

Жоспарлы көрсеткіштерді негіздеу мәселелері жоспарлаудың заманауи көзқарастары мен әдістемелерін ескере отырып берілген: бюджеттеу, бизнес- жоспарлау, болжамдау, бағдарламалы-мақсатты жоспарлау.

Оқулық экономикалық және техникалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға, магистранттарға, докторанттарға, Ғылыми қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушыларына, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың және қаржы қызметтерінің басшыларына, мамандарына арналған, сондай-ақ жоспарлаудың теориялық және практикалық мәселелеріне қызығушылық танытатын көптеген оқырмандар үшін пайдалы болуы мүмкін.