Оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыру

Байдалиев Қ.А.
Оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыру: оқу құралы/ Қ.А. Байдалиев., Ю.Н. Камалов – Алматы, Альманахъ, 2021-327 б.

Оқу құралында жалпы орта мектептің жоғары саты оқушыларына бейіндік білім беруге бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың тұжырымдамасы мен теориялық негіздері, формалары мен жаңартылған білім беру мазмұнын жасаудың теориясы, бейіндік және таңдаулы оқу пәндерін оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдіс-тәсілдері мен құралдары, нормативтік-құқықтық құжаттары, бейіналды даярлық пен кәсіби бағдар жұмыстарын бейіндік мектептерде ұйымдастыру, оқушының жеке білім беру жоспары мен бағдарламасын моделдеу, бейіндік және таңдаулы оқу курстарын жасау, олардың сапасына баға беру критериялары мен тәртібі, бейіндік сынып педагогтарына қойылатын талаптары қарастырылған.

Оқу құралы 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» және басқа педагогикалық мамандықта оқитын студенттерге, «Бейіндік мектеп» педагогтарына арналған. Олар аталған оқу құралы бойынша меңгерген кәсіби-педагогикалық білімдері мен оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибелері білім берудің жаңартылған форматтағы «Бейіндік мектеп» оқу-тәрбие процесін сәтті жүзеге асырып, жоғары саты оқушыларының қызығуы, икемі мен қабілеттеріне сәйкес болашақ кәсіби-тәжірибелік іс-әрекет саласы түрінің бірін саналы таңдау жасау мен өмір жолын анықтауына байланысты міндеттерді шешуге көмегі тиеді деген сенімдеміз.