Айтанаева А.К., Жуманова Г.Ш.
Қаржылық есеп: оқу-әдістемелік кешен / А.К. Айтанаева, Г.Ш. Жуманова – Алматы: Альманахъ, 2022 – 209 б.
Оқу-әдістемелік кешенінде ұйымдарда Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңына, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, Типтік шоттар жоспарына және өзге қаржылық есепті жүргізуді реттеуші нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселесі қарастырылған.
Бұл оқу-әдістемелік кешені экономикалық мамандықтардың студенттеріне арналған, сонымен қатар коммерциялық ұйымдардың бухгалтерлеріне бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен ұйымдастыру тәжерибесін игеруге көмек ретінде қолданылады.
