Бекмагамбетова Р.К.
Мектепке дейінгі педагогика: Оқу құралы / Р.К. Бекмагамбетова – Алматы: Альманахъ, 2024 – 258 б.
Оқу құралында қазіргі мектепке дейінгі білімнің теориялық-практикалық тұрғыдан ғылыми және әдістемелік жетістіктері ашылған. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамалық және теориялық негіздері балаға білім берудің жүйелік-іс-әрекеттік тәсілдемесі мен балалар мен ересектердің субъект- субъектілі өзара әрекеттестігін ұйымдастыру тұрғысынан ұсынылған.
Оқу құралы педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған, толығымен 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келеді.
