Елубаева Ж.М., Сарсембаева М.Ж.
Қаржы қызметтерінің маркетингі: оқу құралы/ Ж.М.Елубаева, М.Ж. Сарсембаева. – Алматы: Дарын, 2025- 149 б.
Қаржы нарығының негізгі секторларында маркетингтік қызметті жүзеге асырудың қазіргі жағдайы мен әдістері сипатталған. Қаржы нарығындағы маркетингтік қызмет түрлері, бағалы қағаздар эмитентінің маркетингтік құралдары арқылы қаржылық қатынастарды басқару мүмкіндіктері, банктік маркетингтің құралдары мен әдістері туралы тұтас түсінік берілген.
Оқу құралында оқу және практикалық материалды бекіту үшін бақылау сұрақтары, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар және мәселелі жағдайлар ұсынылады. Студенттерге, магистранттарға, жоғары оқу орындарының экономикалық пәндер оқытушыларына, сондай-ақ қаржылық маркетингтің теориялық және қолданбалы мәселелеріне қызығушылық танытатын көптеген адамдарға арналған.
Оқу құралын «Қаржы қызметтерінің маркетингі» пәнін оқу үшін негізгі немесе қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Бұл курс тәжірибелік қаржы маркетингінің рәсімдерге бағытталған және студенттерге нақты өмірлік жағдайларда дағдыларды дамыту үшін нақты тапсырмалар мен сценарийлер ұсынады.
Оқу құралы экономикалық оқу салаларындағы студенттер мен магистранттарға, сонымен қатар бизнес, басқару және құқық 6804 бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмыстарына ұсынылады.
