Аймақтық экономикалық қатынастарды оқыту әдістемесі

Сералиев А.Б.
Аймақтық экономикалық қатынастарды оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / А.Б. Сералиев. – Алматы: Дарын, 2025.149 б.

Бұл әдістемелік-оқу құралы мектеп мүғалімдеріне арналған және аймақтық экономикалық қатынастарды оқыту бойынша тиімді тәсілдер мен оқыту модульдерін қамтиды. Қазақстан аймақтарының экономикалық ерекшеліктерін, жаһандық және аймақтық байланыстарды түсіндіру жолдары ұсынылған. Мұғалімдерге оқушылардың экономикалық сауаттылығын дамытуға, зерттеушілік қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар берілген.

Әдістемелік-оқу құралында аймақтық даму, ресурстарды басқару, халықаралық сауда және логистика тақырыптарына арналған оқыту модульдері қарастырылған. Сонымен қатар, тиімді оқыту әдістері ретінде жобалық жұмыс тәсілдері, топтық талқылаулар мен талдаулар ұсынылады. Оқушылардың білімін бағалау және жетілдіру мақсатында РІЅА форматындағы сұрақтар мен тапсырмалар енгізілген.

Бұл әдістемелік-оқу құралы аймақтық экономикалық қатынастарды оқытуда мектеп мұғалімдеріне әдістемелік-практикалық қолдау көрсетіп, оқушылардың білім деңгейін арттыруға және олардың халықаралық бағалау жүйесіне дайындығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.