Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі

Қ.С.Тебенова, Н.Ш.Ахметова, Л.С.Заркенова
Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі / Оқулық. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. – 222 бет.

Ұсынылып отырған «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» атты оқулығында арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны мен әдісі, сонымен қоса аталмыш оқу пәнінің негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі қарастырылады. Ақыл-ойы кем оқушыларды оқытуда қолданатын құралдар мен оқыту әдістері олардың психологиялық дамуы мен потенциалды
мүмкіндіктерін ескере отырып қарастырылады.

Оқулық «Дефектология» мамандығы бойынша оқитынм студенттерге, магистранттарға және оқытушылар мен арнайы білім беру саласында қызмет ететін мамандарға және математикаға оқытуда қиындықтары бар балалардың ата-аналарына арналған.