Нұрпейісов Н.Ж., Мамыт А.А.
Абайтану. Лекциялар курсы. Оқу құралы. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025. -185 бет.
Абайтану пәні бойынша дайындалған лекциялық курстар жинағында ХІХ ғасырдың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, абайтану әлемінің қазақ руханияты мен әдебиетінен алатын орны жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар кемеңгер тұлға, хакім Абайдың өзі айтқан және ол туралы айтылған даналық сөздер де топтастырылып берілді. Жинақ әдістемелік бағытта дайындалғандықтан тест сұрақтары, бақылау тапсырмалары, қажетті әдебиеттер тізімі кеңінен қамтылды.
Оқу құралы филология және өзге де педагогикалық мамандықта оқитын студенттерге, жалпы данышпан Абай сынды дара тұлғаны біле түскісі келетін әдебиет сүйер қауымға арналған.
