Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

Мамыкова Р.У.
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Оқу құралы. – Алматы: “Отан” баспасы, 2025 – 188 б.
Оқу құралында өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы және олардың қызметтері мен өсу заңдылықтары, қоршаған ортамен байланысы қарастырылады. Сондай-ақ өсімдіктердің анатомиялық, морфологиялық құрылысы түрлі-түсті фотосуреттер, сызбалар түрінде берілген. Сонымен қатар, өсімдіктердің онтогенез кезеңдері мен тіршілік формалары туралы мәліметтер беріледі. «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» биологиялық білім беруде іргелі пәндердің бірі болып табылады және қажетті әдістемелік құрал болады деп есептейміз.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының білім алушыларына және мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған.