Эволюциялық биология

Э.У.Сагиндыкова
Эволюциялық биология. Монография./ Алматы: “Отан” баспасы., 2025 -117 б.

Монографияда эволюциялық процесті талдау үшін «эволюциялық факторлар» және «эволюциялық механизмдер» ұғымдары және эволюциялық оқиғалар мен заңдылықтардың (мысалы, түрлену механизмдері, бейімделудің қалыптасуы, эволюциялық прогресс және т.б.) болуын анықтайтын эволюциялық факторлардың әрекет ету тәсілдері мен өзара әрекеттесуі көрсетілген.

Эволюциялық процестің құрылымдық элементтері микроэволюциялық оқиғалар популяциялардың гендік қорларындағы өзгерістер, олардың факторлары мен механизмдері қарастырылады.

Нақты биология ғылымдарының ғылыми жетілгендігінің көрсеткіші, бір жағынан, олардың эволюциялық теорияға қосқан үлесі болса, екінші жағынан, ғылыми тәжірибеде мәселелерді қою, алынған мәліметтерді талдау және нақты теорияларды құратындығына басты назар аударылады.

Сонымен бірге эволюциялы биологияның ең маңызды жалпы мәні органикалық дүние эволюциясының мәселелеріне белгілі бір қатынас әртүрлі жалпы философиялық концепциялар (материалистік және идеалистік) сипатталады. Жұмысты орындау барысында автор көптеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, өз зерттеулері бойынша ақпаратты бақылау, өндеу, талдау және зерттеу әдістерін түсінуге мүмкіндік беретін ауқымды деректерді қамтыған.