Жаратылыстану пәндерінде оқу-жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру

Э.У.Сагиндыкова
Жаратылыстану пәндерінде оқу-жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру / Монография. Алматы: “Отан” баспасы, 2025 – 108 б.

Жоба әдісі объективті немесе субъективті жаңалығы бар және практикалық маңызы бар білім беру өнімін құру процесінде (мұғалімнің бақылауымен) интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктерін, ерік сапаларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім алушының жеке тұлғасын шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастырудың икемді моделі болып табылды.

Кез-келген жоба нақты проблеманы шешуге бағытталды. Жоба жұмыстарын орындауға мына талаптар қойылады: жобаның көмегімен шешілетін мәселе және болжамды нәтижелер практикалық (ғылыми) мәні болуы тиіс; оқушылардың жоба бойынша жұмысы дербес және зерттеу сипатында болады; нақты мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, алдын-ала жоспарланады және әзірленеді, оны жүзеге асыру барысында өзгерістерге жол беріледі.

Оқу процесінде жобалық қызметті ұйымдастыру оқытушымен арнайы ұйымдастырылған процесті білдіреді, оны білім алушылар өздерінің субъективті мақсат қоюына сүйене отырып дербес орындайды, ал жобаны іске асыру білім алушы өз бетінше жасайтын іс-қимылдардың тұтас кешенін орындауға бағытталған.