Сот сараптамасы

Мырзаханова М.Н.
Сот сараптамасы: академиялық бакалавриатқа арналған оқу құралы / М.Н. Мырзаханова. – Алматы: TechSmith, 2025. – 316 б.

Сот сараптамасының теориясы мен практикасы саласында жазылған оқу құралы. Сот сараптамасының жалпы (процессуалдық, тактикалық, психологиялық) және арнайы (сыныптары, түрлері, тектері) мәселелері қарастырылады. Арнайы білімнің түсінігі мен формалары ашылады. Сот сарапшысының жеке басы, сараптама қызметінің түрлері, сарапшы мен заңгердің өзара қарым-қатынасы, сарапшы қорытындысының құрылымы мен оны бағалау, сот сараптамасының мәселелерін реттейтін құқықтық актілер жан-жақты қамтылған. Жұмыста практикалық ұсыныстар берілген, сот сараптамасының нақты түрлері бойынша сұрақтардың тұжырымы ұсынылған.
Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және оқытушыларына арналған.